Естідіңіз бе - Жер сілкінісінің хабаршылары
- Адам: Тәбетсіздік, жүрек айнуы, құсу, есінеу, ұйқы келуі...
- Ит: Өте қатты дауыспен ұлуы және ыңырсуы, баласын сыртқа тасымалдауы, бүрісіп жатып дірілдеуі...
- Мысық: жоғалуы, тынышсыз болуы және қайғырып жылауы, баласын сыртқа тасымалдауы, бүрісіп дірілдеуі...
- Қой: Мұңды үнмен маңырайды, бір жерге жиналады...
- Сиыр: Мөңірейді, бір жерге жиналады, қораға қайтпайды...
- Ат, есек: Тебінуі, қорадан қашуға тырысуы, қырларға қарай қашуы...
- Жарқанат: Демалмастан шыр айналып ұшуы...
- Қоян және тышқан: Ғимараттардың жоғарғы қабаттарына қашуы...
- Қораз: Мерзімсіз шақыруы, тынымсыз қоқылдауы...
- Тоты құс: Жоғары дауыспен айғайлайды, жанталасып тыпыршиды...
- Шағала: Түннің кезінде де теңізден жерге қарай ұшады, бір жерге жиналады...
- Қарға: Әдеттен тыс өзгеше қарқылдайды, шатырларда жиналады...
- Қарлығаш: Демалмастан айналшықтап ұша береді.
- Үйрек, қаз, аққу: Көлге жүзгісі келмейді, жағада шоғырланып тұрады...
- Балықтар: Су бетіне жақын жүзеді, себепсіз өледі...
- Кесіртке: Үйлерде қаптап кетеді.
- Жылан: Жердің астынан шығып жер бетінде бір жерге шоғырланады...
- Құрбақа: Дыбыс шығармайды, үйлерге дейін тырманып, терезелерге жабысады.
- Маса: Шамадан тыс көбейіп кетеді.
- Шыбын: шыр айналып ұшады...
- Ара: Адамдарды шағады...
- Құмырсқа: Балаларымен ұясын тастап ағаштарға өрмелейді.
- Өрмекші: Үйлерді басып алады.
- Шұғыла: Жер сілкінісінен алдын, қызыл, көк және жасыл түсті шұғылалар болады.
- Тұман: Бірнеше сағат бұрын қара қоңыр түсті тұман қаптайды.
- Бұлт: Шеттері тарам тарам, шашақты көріністе болады.
- Аспан: Қызыл, ашық қызыл, сарғылт түсті.
- Отты шарлар: НЛО деп ойлайтын, қызыл, көк, жасыл сәулелер.
- Жұлдыз: Жерге өте жақын, көп мөлшерде және өте жарық.
- Жел: Кенеттен шыққан, өте қатты суық жел.
- Ауа: Өте ыстық және тыныс тарылтады.
- Сулар: Теңіз, құдық және бұлақ сулары ысып кетеді, су деңгейі түсіп кетеді немесе көтеріліп кетеді.
- Дауыс: Құрлықта жер астынан шығатын теңіз толқынының дауысы.
- Судың тартылуы: 1 – 5 сағат алдын теңіз жағалаудан тартылады.
- Толқындар: Кеме өткендей толқындар пайда болады.
- Көпіршік: Теңіз, көлдерде көп мөлшерде көпіршіктер пайда болады.
- Суда иіс: Шіріген жұмыртқа және күкүрттің иісі секілді иістер шығады.