Untitled Document

Бала тәрбиесі - Бала тәрбиесінде жаңа дәуір –ІІ

Флориданың алдыңғы қатарлы психологы Док.Перри Буффингтон былай дейді:

Үйде басшы ата-ана болу керек, басшы дәрежесінде екендіктерін балаларына көрсету керек және оларға жауапкершіліктерін әрдайым білдіріп отыру қажет. Мысалы, балаңызға ат қойған кезде мұқият болыңыз, сән үшін ат қоюдан аулақ болыңыз. Жанұяңыз құрметтейтін, қадірлі адамдардың аттарын алыңыз. Осылайша, ол адамдағы сізді таңдандырған қасиеттерді балаңызға сіңіре аласыз.

Балалар тәртіпті ерте жастан үйренуі керек. Осылайша өскен кезде ата-аналары өздеріне шек қойған кезде оған бағынуда қиналмайды. Ата-аналар керек кезінде балаларына дауыс көтеріп ұрсуы керек, қажет кезінде жазалауы керек. Берілген жазалар балалардың жауапкершілікті адам болып өсуіне үлкен ықпал етеді. Қате бір нәрсе істеген кезінде аптаның соңында үйден шығармау, ерте жатқызу, көкөніс жемесе сүйікті асынан айыру, ақша бермеу, сүйікті ойыншығын алып қою сияқты жазалар берілуі тиіс. Балаларды тәртіпті өсіру оларға сүйіспеншілік көрсетпеу деген мағынаға келмейді. Ата-аналар балаларының дұрыс әрекеттерін мақұлдаудан қашпауы керек.

Доц.док. Бенги Семержи (психиатр):

Бүкіл әлемде мамандардың қойған бір қағидасы бар: Балалар шектен тыс еркіндікте де, шектен тыс қысымда да ұсталмауы керек. Бала тәрбиесіндегі дұрыс қағида: баланы тыңдау, айтқандарына құлақ салу және оның дамуда, өсуде екенін ұмытпау. Онымен керек кезінде сөйлесу керек, қажет кезінде сый немесе жаза берілуі тиіс. Қате мен дұрысты үйрету керек.

Профессор Нахит Мотаваллы Мукаддес (Балалар және жасөспірім психиатры):

Белгілі бір жасқа дейін міндетті түрде жанұя балаға бағыт беруі керек. Кішкене жастағы балалар әлі шешім қабылдау, жоспарлау қабілетіне жеткен жоқ. Бала барлық нәрсенің шегін білуі тиіс.

Ал ата-бабамыздың ұстанған тәрбиесіне келсек: «Балаңды бес жасқа дейін тыйма, он төртке дейін қина, он төрттен соң қатарыңдай сыйла» деген сөзінің астарында терең мән-мағына жатқанын байқауға болады.