Untitled Document

Бала тәрбиесі - Бала тәрбиесінде жаңа дәуір –І

Барлық істегі сияқты бала тәрбиесінде де орта жолды ұстану керек. 1950 жылдарға дейін балаларға қатты қысым көрсетіліп келді. Американың атақты жазушысы Бенджамин Споктың 1946 жылы жазған бала тәрбиесіне қатысты атақты кітабынан кейін теңдіктер өзгеріп, ата-ана бұл жолы басқа жаққа ысырылды. Үйде үкім беретін балалар болды. Барлық іс балалардың қалауына қарай жоспарлана бастады. Бұл кітабында ата-аналардың балаларына қатаң тәрбие берудің орнына олармен дос болуды, олардың қалауларын орындауды қолдады. Спок жаңа диссертациясы арқылы бала тәрбиесі тақырыбындағы барлық қағидаларды жаратпай тастаған еді.

Бірақ, Споктың көзқарасының да дұрыс еместігі анықталды. Өйткені, әрдайым қиналатын, депрессияға ұшыраған, өзіне мақсат қоя алмайтын және ешнәрсеге көңілі толмайтын бір буын пайда болды. Бұл жағдай қате бағыт берудің жемісі еді.

Батыста соңғы жылдары жазылып жатқан бала тәрбиесіне қатысты кітаптар олардың барлық тілегін орындаудың қате екенін жазады. Мамандар кейбір жазалардың да керек екенін айтады. Осылайша бала менменшіл болмайды, болашақта не қалайтынын білетін кемел адамға айналады.

Өткен кезеңдерде Ейлем Билгичтің «Дос емес, ата-ана болыңдар» деген зерттеу мақаласы жарияланды. Қысқаша былай:

Соңғы 10-15 жылда жанұядағы билікті қолдарына алған балалар енді тізгінді өз иелеріне қайтара бастады. Мұның ең бірінші себебі – шексіз еркіндік берілген балалардың бақытсыз болуы.

Өмірлерін балаларының қалауы бойынша реттеген ата-аналардың орнын тәртіп ұстанатын ата-аналар басуда. Жаңашыл сипаттағы ата-аналар балаларын менмендікке салдырмауды үйренуде.

Ата-аналар жылдар бойы балаларының аузына қарап келді. Ол не десе, соның айтқанын істеді.

Енді олардың орнын өз айтқанын істететін 21-ғасырдың ата-аналары басуда. Соңғы кітаптар ата-аналарды балаларының айтқанына көнбеуді ескертуде. Асты-үстіне түсе берудің балаларды менменшілдікке апаратынына назар аудартуда.

Өскеннен кейін олар, барлық адаммен бірдей шарттарда өмір сүруге мәжбүр екенін көретін қазіргі менменшіл балалар жұмыс пен қарым-қатынастарда біраз нәрсемен күресуге, тартысуға тура келеді.

(жалғасы бар)