Оқиға - Хазреті Әбу Бәкір
Хазреті Әбу Бәкірдің айтып бергені:
Расулуллаһ алейһиссаламның пайғамбарлығы жарияланудан алдын сауда саттық жасап Йеменге барған едім. Самауи кітаптарды оқыған 100 жасар қарт кісіге қонақ болдым. Мені көргенінде былай деп сұрады:
-Сен Меккеденсің бе?
-Ия.
-Қурайш тайпасынанбысың?
-Ия.
-Бәни Тәмим қауымынансың ба?
-Ия.
-Бір белгі қалды?
-Қандай?
-Қарныңды аш!
-Ниетіңді айтпасаң ашпаймын.
-Иләһи кітаптардан оқыдым. Қасиетті Харам мешітінен бір пайғамбар шығады. Біреуі жас біреуі кәрі екі көмекшісі болады. Жас көмекшісі күшті және әділетті, кәрісі арық және қарнында қалы болады.
Қарнымды аштым, кіндігімнің үстінен қалды көрді де:
-Ант етейін, сен сол қарт көмекшісің! Ол пайғамбардың дініне мықтап жабыс және Аллаһу та’аланың саған берген құндылықтарын сақта!
Маған бірнеше парақтық жазбалар беріп:
“Мыналарды сол пайғамбарға беруіңді сұраймын”-деді.
Меккеге келгенімде маған Меккенің үлкендері келді. Мен олардан:
“Мен жоқ кезде әдеттен тыс жағдайлар болды ма?”-деп сұрадым.
“Ия, бұдан өткен келеңсіз жағдай болған емес. Әбу Талибтің жетімі өзін Пайғамбар деп жариялап жүр, біз сенің келуіңді күтіп жүр едік.”-деді.
Мен бір жолын тауып олардан құтылып Расулуллаһты іздедім.
Хадижа-тул-Кубраның үйінде екенін есітіп, сонда бардым. Есікті қаққанымда өзі ашып сыртқа шықты. Оған:
“Сенің аталарымыздың жолын тастады дейді, сол рас па?”-дедім.
Сонда маған былай бұйырды:
-Мен Хақ та’аланың Расулымын, сені және барлық адамдарды Аллаһу та’алаға иман етуге шақырамын.
-Дәлелің не?
-Йемендегі сен көрген қария.
-Мұны саған кім айтты?
-Менен бұрынғы Пайғамбарларға да келген үлкен періште айтты.
Дереу қасиетті қолынан ұстап шаһадат кәлиманы айттым. Иман ету мәртебесіне қауышқаным үшін менен қуанышты адам жоқ еді.