Білім және техника - Меркурийдің белгісіз беті
Вашингтон - АҚШ Ұлттық Әуе және Ғарыш агенттігі (НАСА) қызметшілерінің мәлімдеуі бойынша ғарыш апараты “месенжердің” жіберген жүздеген фотолары арқылы күн жүйесінің ең кіші планетасы Меркурийдің бұрын соңды білінбеген бетін көру жүзеге асты. Ғарыш аппараты 14 қаңтар 2008 ж Меркурийдің жанынан өтіп бара жатып, түсіріп жіберген суреттері ғалымдарды қайран қалдырды.
Карнеги Институтынан Син Саламон “Планетаның беткі қыртыстарымен атмосфера және манетосферасымен байланысты мәліметтері бізді таң қалдырды. Өйткені Меркурий біз ойлағандай болып шықпады. Айға ұқсайды деп ойлағанбыз, бірақ мүлдем олай еместігін аңғардық. Алғаш қарағанда айды еске салатын Меркурий негізінде “өте динамикалық бір планета” болып шықты. Планетада вулкан және манетосфер құбылыстары өте көп мөлшерде болуда. Месенжер қазіргі күнге дейін ешбір ғарыш аппаратының қолға түсіре алмаған мәліметтерді жіберіп планетаның белгісіз жақтарын көруімізді жүзеге асырды.” деді.
Месенжер Меркуриге 200 км жақындаған болатын. 2011 жылдың наурыз айында соңғы рет Меркуридің орбитасына кіріп сол жақта қалады. 2004 жылдың тамыз айында ұшырылған Месенжер 6,5 жылға созылған сапарында 7,8 миллиард км жолды бағындыратын болады.
Құрметті оқырман!
Күнтізбе беттерінде Құран Кәримден аяттар, хадис шәриф мағыналары, діни мағлуматтар, ұлы тұлғалар және тәбәрік есімдер болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауларыңызды өтінеміз.