Untitled Document

Оқиға - Міндетті түрде басымызға келеді

Мұғалім оқушылардан сұрап жатыр:

- Балалар! Маған бүкіл адамдардың басына келетіні анық болған бір нәрсені айтасыңдар ма?

Әркім әр түрлі пікір айтқанымен, соңында бәрібір “өлім” деген ортақ пікірге келіп тоқталды.

- Шынымен де өлім барлық адамдардың басына келетін және ешкім қашып құтыла алмайтын жалғыз нәрсе балалар. Жарайды бәріміздің өлетініміз анық екен, олай болса бұл жағдай менде өлім ауруы бар дегенді білдірмей ме?

Бәрі бастарын изеді.

- Жарайды қашан өлетінімізді білеміз бе?

- Жоқ.

- Дәл қазір болу ықтималдығы бар ма?

- Бар.

- Ертең ше?

- Ия.

- 30 жылдан кейін?

- Болуы мүмкін.

- Мәселен бүгін кешке үйге аман-есен баратынымызды білеміз бе?

Сынып үнсіз тыңдауда. Өйткені көбінесе ешқайсысы өмірге бұл жағынан қарамайды. Мұны еске салатындар да сирек кездеседі.

- Жарайды. Ал үйге келгенімізде, таңертең үйден шығарда сау-аман көрген жақын адамдарды амандықта көретінімізге кепілдік бар ма?

- Жоқ, ағай.

- Жарайды, қазір телефон шалынып үйдегілерден біреудің қайтыс болғанын айтпайтынына сенімдіміз бе?

Сыныптағылар осы кезде мазасыздана бастады:

- Ағай тақырыпты ауыстырсақ?

- Бірақ біз болатыны ең анық шындықты, бір күні міндетті түрде болатын нәрсе туралы айтып отырмыз.

Тағы да үнсіздік.

- Жарайды, үйде кешкісін бірге болған адамдардың біреуінің бүгін өлетінін білгендеріңде, сол кешті дәл сол кездегідей өткізер ме едіңдер?..

- Жоқ. Әрине мүлдем басқаша өткізер едік ағай!

Енді сендерден бір өтініш, бір мезетке арқаларыңды сүйеп, көздеріңді жұмыңдар және бүгін таңертеңісін үйде қалған адамдардың біреуінің шынымен өлетінін ойлаңдар. Кешегі кешті онымен қалай өткізер едіңдер? Онымен дәл кешегідей мәміледе болар ма едіңдер? Бүгін таңертең үйден шығарда оған не айтар едіңдер? Оны құшақтаудан тартынар ма едіңдер? Уақыттарыңды оны құшақтауға бөлесіңдер ме, әлде айнаға қарауға ма? Оған жүректеріңнің түбінде жатқан “сені шынымен қатты жақсы көремін!” деп айтудың керегі не деп ойлар ма едіңдер?

Олай болса, бұл жағдайларға, яғни өлімге дайынбыз ба?..