Untitled Document

Сұхбат - «Уаһи», «хадис қудси» және «хадис шәриф»

Аллаһу та’аланың пайғамбарларына хабар жіберуі “уаһи” деп аталады. Уаһидің екі түрі бар. Жәбірейіл (алейһиссалам) атты періште Аллаһу та’аладан алған хабарларын пайғамбарларға оқиды. “Уаһи-ул-мәтлу” деп аталатын бұл уаһидің сөздері мен мағыналары да Аллаһу та’аладан келген. Мысалы, Құран Кәрім – уаһи мәтлу. Уаһидің екінші түрі “уаһи-ул ғайри мәтлу” деп аталады. Ол Аллаһу та’ала тарапынан пайғамбарлардың жүрегіне білдіріледі. Пайғамбар оны өз сөзімен қасындағыларға айтады. Бұл сөздер “хадиси құдси” деп аталады. Хадис құдсилердің сөздері пайғамбардан, мағынасы Аллаһтан болады. Ал, сөзі де, мағынасы да пайғамбар тарапынан айтылса, ол “хадиси шәриф” деп аталады.

Хадис шәрифтерді пайғамбардың өз аузынан естіген асхаби кирам оны өздерінен кейінгілерге нақыл еткен, айтып жеткізген. Хадис ғалымдары да хадистерді бірнеше топқа бөліп, оны жеткізушілермен бірге кітаптарына жазған. Хадис шәрифтер арқылы Құран Кәрім мен сүннетке қалай амал ету керектігі, Исламның шарттары, тасаууф (сопылық) ілімдері, муамалат (тұрмыстық қарым-қатынас) ілімдері, ислами ахлақ (мінез-құлық), сахабалардың артықшылықтары, пайғамбарлар мен маңызды тұлғалардың өмірі, қияметке дейінгі маңызды оқиғалар, қиямет, хашр, нашр, жұмақ, тозақ, пайғамбарлардың өмірі, Құран Кәрімді оқу және тәфсирін жасау, періштелер, шайтандар және медицина ғылымдары туралы мәліметтер берілген.

Аллаһу та’аланың есімін айтқан, естіген, жазған кезде “Субханаллаһ”, “Тәбәракаллаһ”, “Жәллә Жәлалуһ”, “Аззә исмуһ”, “Жәлләт қудратуһ” немесе “Та’ала” сияқты құрмет сөздердің бірін қосып айту біріншісінде - уәжіп, әр қайталанып келгенде – мустаһаб болады. Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссаламның аты өткен жерлерде салауат айту да сол секілді маңызды. “Аллаһу та’ала”, “Құран Кәрім” деп құрметпен толық айтып-жазуға әдеттенуіміз керек. Пайғамбарымыздың аты аталғанда, жазылғанда “саллаллаһу алейһи уә сәлләм” деп толық айту және жазу қажет. Бұл сөздерді қысқартып, алғашқы әріптерін ғана жаза салу мұсылмандардың әдеті емес. Сахабалардың есіміне “радиаллаһу анһ”, Ислам ғалымдарының есіміне “рахметуллаһи алейһ” сөзін қосып жазу және айту дұрыс болады.