Untitled Document

Сұхбат - Дұғаның қабыл болуы үшiн

  1. Мұсылман болу керек.
  2. Әһли сүннет сенiмiнде болу керек. Сондықтан төрт мазһабтың бiреуi көрсеткен жолмен жүру керек.
  3. Парыздарды орындау керек. Қаза болған намаздарды, түнде және сүннеттердің орнына қаза ету керек.
    Парыз намаздары қаза болған адамның сүннет, нәпiл намаздары және дұғалары қабыл болмайды. Яғни дұрыс болса да сауап берілмейді. Шайтан адамзатты алдау үшiн парыз намаздарын маңызсыз етіп, сүннет және нәпiл намаздарына қатты көңіл аудартады. Намазды уақыт кірісімен оқу керек.
  4. Харамнан сақтану керек. Халал жеген адамның дұғасы қабыл болады.
  5. Әулиелердің құрметі үшін дұға ету керек.

Үндiстан ғалымдарының бiрi Мұхаммед бин Ахмед Заһид «Тарғибус салат» атты кiтабының 54-бөлiмiнде былай деген: «Хадис шәрифте: «Дұғаның қабыл болуы үшiн екi нәрсе қажет. Бiрiншiсi: шын ықыласпен дұға ету керек. Екiншiсі: iшіп-жегені және киген киiмi халал болуы керек. Мұсылманның бөлмесiнде харам жолмен табылған бір жіп болса, бұл бөлмеде сұралған дұға қабыл болмайды»- делiнген. Ықылас  – Аллаһу та’аладан басқа еш нәрсенi ойламай, жалғыз Аллаһу та’аладан ғана тiлеу. Сондықтан да әһли сүннет ғалымдары білдіргеніндей иман келтіру, Ислам шарттарына мойынсыну, бiреудiң ақысын жемеу және бес уақыт намаз оқу керек.

Бұл қызық - Білесіз бе?

  • Етпен қоректенетін 600 түрлі өсімдік бар.
  • Ми құрамының 85% судан тұрады.
  • Перуда қоғамдық әжетхана мүлдем жоқ.
  • Адам өмір бойы 20 кг шаң жұтады.
  • Дүние жүзінде ең көп қолданылатын есім Мұхаммед.
  • Дүние жүзіндегі температура 1900 жылдардан бері 0,7 градусқа артты.
  • Компьютерде отыру көзді бұзбайды, тек шаршатады.
  • Қол тырнақтары аяқ тырнақтарынан 4 есе тез өседі.
  • Күлгенде 17, қабақ түйгенде 43 бұлшық еттер қимылдайды.
  • 60 жаста адамның дәм сезу қабілеті 50% азаяды.
  • Эскимолар мұздатқыштан азық түліктерін мұздап қалудан сақтау үшін пайдаланады.

Сіріңке құтысы көлеміндей келетін алтынды үлкен тенис алаңы көлеміндей етіп жұқартуға болады.