Сұхбат - Құмар деген не?
Бір нәрсенің құмар болып саналуы үшін екі немесе одан да көп адамның зиян көру немесе пайда көру ықтималдығы болу керек. Мысалы, «сен жеңсең, мен саған беремін, мен жеңсем, сен маған бересің» деген шарт болуы керек. «Сен жеңсең де, мен жеңсем де мен беремін, не болмаса сен бересің» деген шартпен болса, құмар болмайды. Немесе біреу қатысушылардан ақша алмастан «Кім жеңсе, соған ақша немесе автомобиль беремін» десе, құмар болмайды.
Жеребе тастап, «жеребеде кім шықса, соған беремін» деу құмар болмайды. Мүбах нәрселерде жарысуға болады. Жарысқан екі адамның бірінің «менен озсаң, саған мынаны беремін. Мен озсам, сенен ешнәрсе сұрамаймын» деуі немесе жарысқа қатыспаған адамның «Екеуіңнен кім жеңсе, мынаны беремін, ұтылған адам ешнәрсе бермейді» деуіне болады. «Ұтылған адам жеңген адамға мынаны береді» десе құмар болады.
Құмар ойнайтындардың барлығында затының азаю немесе көбею мүмкіндігі бар. Егер үшінші адам екеуінің атынан озуы күмәнді бір атпен жарысқа қатысып, «сендерден озсам, екеуіңнен де аламын. Сендер менен озсаңдар, сендерге ешнәрсе бермеймін» деуіне болады.
Күлімдейік - Шағын хабарландыру
Сараң бір адамның жұбайы қайтыс болыпты. Ол газет редакциясына телефон шалып ең арзан түрде хабарландыру бермек болады.
“Не деп жазайық?” деп сұрағанда, былай деп жауап береді:
“Қалипашымнан айырылдым. Қайғыдамын.”
Хабарландыру бөлімінің меңгерушісі:
“Қаласаңыз 6 сөзге дейін созуыңызға болады. Ең қысқа хабарландыруымыз 6 сөзден тұрады. Тағы 3 сөз қосып жазу ақыңыз бар.”
- Сол ақшаға ма?
- Ия сол ақшаға.
Мұны естіген сараң мына 3 сөзді қосып жазыпты:
- Сатылатын Тойота бар!