Тарих - Тарихи қателер
Тарихта із қалдырған жаңалықтар мен оқиғалардан кейін болжамсыз айтылған сөздер де тарихта өз орнын тапқан. Бұлардың бірнешеуі мыналар:
- “Теледидар ең кеш 6 ай ішінде нарықтан түседі. Адамдар күнде кешкісін мұндай бір қорапқа қарап отырғысы келмейді.”
Дарик Ф Занук (ХХ ғасыр фокстың директоры 1944 ж) - “Радионың келешегі жоқ.”
Лорд Келвин (Швециялық физик) - “Бұдан кейін жаңа ешнәрсе қалған жоқ. Ашылатын жаңалықтардың барлығы табылып бітті.”
Чарльз Х. Дуелл (Америка Патент Кеңсесінің Директоры 1899 ж) - “Сүңгуір қайықтардың соғыста неге жарауы мүмкін екендігін түсіне алмадым. Ең азынан экипаждың тұншығып өлуіне себепкер болуы мүмкін.”
Х. Г. Уеллс (Жазушы 1901 ж) - “Барлық заманда аттар қолданылатын болады. Автомобиль тек өткіншіл мода болуы мүмкін.”
(Генри Фордтың кредит сұрауына бір банк директорының берген жауабы 1903 ж) - “Ұшақтар жай ғана ойыншық. Әскери қадірі жоқ.”
Маршал Фердинант Фоч
(І Дүние жүзілік соғысындағы Франция әскерінің бас командирі 1911 ж) - “Әртістердің сөйлегенін кім естігісі келеді?”
Гарри М Уарнер
(Кино және индустрия жетекшісі. Дыбысты фильм туралы айтқаны1927 ж) - “Келешекте компьютердің ауырлығы бәлкім 1,5 тонна болады.”
Популар Меканикс Журналы
(Ол кезде компьютерлер бір бөлменің көлеміндей болатын. 1949 ж) - “Адамдардың үйлерінде компьютер ұстауы үшін ешқандай себеп көріп тұрғаным жоқ.”
Кеннет Олсен Дижитал Корп-ның
(Бір компьютер фирмасының) директоры 1977 ж.