Мақала - “Тозақ пәлекеті”
Тақырыптағы цитатаны Черчилль кезінде Палестина үшін қолданған болатын. Бұл жолы осы мәтінді Ирак үшін “The Independent” газетінің коментаторы Роберт Фиск қолдануда. Ағылшын журналисті “Тарихтан сабақ алуды әлі үйрене алмадық. Ауғанстан және Иракты жоғалтқанымыз сияқты Пакістанды да жоғалтамыз. Болмысымыз, қуатымыз, және терорымыз бізді тұңғиыққа итермелеуде. Бұдан былай мұсылмандарға тыныштық беруіміз керек” деп жазған.
Иә, Ирак басқыншылығына 7 жыл өтсе де, қазіргі күні Ирак халқы Саддамның зұлымдығын сағынатын жағдайға жетті!
Ағылшын жазушысы бұл шындықты бетке басып, баста өз мемлекеті болған Британия өкіметіне, АҚШ және батыс мемлекеттеріне ескретулер жасауда:
“... АҚШ-тың әйгілі әскерінің беделі қазір өте төмендеді. Не істеп жатқанымыз туралы өз-өзімізден сұрауымыз керек. Шынында біз не үшін Ирактамыз? Демократия үшін бе, әлде мұнай үшін бе? Израиль үшін бе? Жаппай жою қарулары үшін бе? Әлде Исламнан қорыққанымыз үшін бе? Мұсылман әлемін өз еркіне жібермейінше Таяу Шығыстағы пәлекеттерді шеше алмайтындығымызды түсінуіміз керек. Ислам мен тероризм арасында ешқандай байланыс жоқ. Тек Ислам мемлекеттерін жаулап жүрген империялисттік күштермен тероризм арасында байланыс бар...”
Осы өткен 7 жылдың ішінде Иракта бір миллионнан астам адам өлтірілді. Күніне он шақты адамдардың жанды бомбалардан қаза тауып жатқаны мәлім. Иракта әлі қаншама адамдардың өлтірілетіні белгісіз. Анық болған бір-ақ нәрсе, басқыншыл күштер ол жерде болған мерзімде, жаппай қан төгілу тоқтамайды.
Басқыншыл күштер шегінген жағдайда да Ирак жақын уақытта тыныштық таппайды. Өйткені Сүнни-Шиит қақтығыстары мемлекетті ішкі соғысқа тартуда. Оның үстіне Сүнни болсын, Шиит болсын араптардың солтүстіктегі Күрттермен де айырысатын есептері бар!
Ирактың осы аласапыран жағдайы Туркиядан бастап бүкіл сол өңірдегі елдерді үрейлендіруде. Түрік әскерлерінің шекара аймақтарындағы операциялары әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді.
Ал егерде АҚШ байқаусыз тағы Иранға соғыс ашатын болса, шекаралас елдердің барлығы нағыз оттың ортасында сол кезде қалады.