Untitled Document

Сұхбат - 40 санының маңызы

40 саны көпше түрді білдіруде қолданылатын ең кіші сан. Бір дұғаның көп оқылуы айтылса, ең азы қырық рет оқу керек.

Бес уақыт намаз сүннеттерімен бірге 40 рәкат. Фатиха бес уақыт намаздың әрбір рәкаттарында оқылады. Осылай күніне ең аз дегенде 40 рет оқылады.

Тырнақ алу, қолтық және әурет қылдарын қыруды 40 күннен көп кешіктірсе, күнә болады. Салих туыстарды зиярат етуді 40 күннен өткізбеу керек. (С. Әбәдийә)

40 күн таңғы намаздың сүннетімен фарызының арасында 41 рет Фатиха оқып, бисмилләнің соңғы “мим” әрібі Фатиханың “ләм” әрібімен бірге оқылса жасалған дұға қабыл болады. Суға үрленіп ауру немесе дуаланған адамға ішкізсе, шипа табады және дуа да шешіледі. (Азизи тәфсирі)

40 санымен байланысты Хадис шәрифтердің кейбіреулері мыналар:

“Әр түні 40 аят оқыған адам ғапылдар қатарында жазылмайды” (Байхаки)

“40 адам бір жамағат. Бір өліге дұға ететін болса Аллаһу та’ала ол өліні кешіреді.” (Бұхари)

“Ширктен ұзақ болған 40 Мұсылман, бір мұсылманның жаназа намазын оқыса, Аллаһу та’ала міндетті түрде ол мұсылмандардың дұғаларын қабыл етіп, ол өліні кешіреді.” (Мүслим, Әбу Дауд)

“40 күн ішінде бір ілім сұхбатында болмаған адамның көңілі қараяды. Үлкен күнә істей бастайды. Өйткені ілім көңілге өмір береді. Ілімсіз ғибадат болмайды. Ілімсіз ғибадаттың пайдасы болмайды!” (Хазанәт-ур-риуаят, М. Раббани)

“40 күн халал азықпен қоректенген адамның көңілін Аллаһу та’ала нұрменен толтырады. Көңіліне хикметтерді өзендей етіп ағызады. Дүние махаббатын көңілінен шығарады.” (Әбу Нуайм)

“Пал аштырған адамның палшыға сенбеген болса да 40 күн намазы қабыл болмайды.” (Мүслим)

“Аллаһ үшін 40 күн күзетте тұрғанның бүкіл күнәлары тазаланады.” (Табарани)

“Аллаһу та’аланың разылығы үшін халалды және харамды түсіндірген 40 хадисті үмметіме білдірген кісі ғалымдар қатарында тіріледі.” (Әбу Нуайм)

“Бір соқыр адамды қолынан ұстап 40 қадам алып жүргенге жаннат уәжіп болады.” (Табарани)

“Ауырған кісі 40 рет “лә илаһә иллә әнтә субханәкә инни кунту минәззалимин” дұғасын оқыса, шәһит болып қайтыс болады. Жазылса күнәлары кешіріледі.” (Нежат-ул-мусалли)

“40 жастан асқанымен жақсы істері (сауаптары) жаман істерінен (күнәларынан) көп болмаған адам жаһаннамға дайындалсын.” (И. Ғазали)

“40 жасқа толғанымен күнәларына тәубе етпеген адамның жүзін шайтан сипап “бұл енді оңбайды” деп айтады.” (И. Ғазали)