Оқиға - Жаннат өзені
Пайғамбарымызбен хазреті Әбу Бәкір хижрет кезінде тау үңгірінде үш күн болды. Әбу Бәкір Сыддық қатты шөлдегенін айтқанда пайғамбарымыз оған былай бұйырды:
Ей Әбу Бәкір! Сыртқа шық, ағып тұрған өзеннен қалағаныңша іш!
Хазреті Әбу Бәкір сыртқа шыққанында таң қалды. Қардан суық және аппақ, балдан тәтті және хош иісті бір өзеннің ағып тұрғанын көрді. Шөлін қандырып ішіп кейін пайғамбарымыздан сұрайды:
Ей Расулуллаһ, бұл қандай жанды су таудың басында ағып тұрған, мұндайды әлі ешкім көрмеген.
Пайғамбарымыз оған:
Хақ та’ала Жаннат өзендерінен жауапты болған періштеге сен ішуің үшін Фирдәус жәннатынан осы үңгірдің алдына бір өзен ағызуын әмір етті.
Хазреті Әбу Бәкір жылап тұрып:
Әке-шешем сен үшін құрбан болсын! Әбу Бәкірдің Хақ та’ала алдында мұншалықты қадірі бар ма еді, ол үшін су жіберерлік?
Хақ та’ала алдында қадірің өте жоғары. Мені пайғамбар етіп жіберген Аллаһқа ант етіп айтамын саған дұшпандық еткендер жетпіс жылдық жақсылықтары болса да Жаннатқа кіре алмайды.
Ғибрат - Илаһи сыр
Аллаһу Та’ала илаһи сырларды білдірмейінше оны періштелер де білмейді. Илаһи сырлар тұрғысындағы әлсіздігін білетін Әзірейілден Аллаһу Та’ала сұрайды:
- Осынша уақыт жан алып келдің. Ең көп кімге жаның ашыды?
- Иә, Раббым, бір рет теңіз бетінде қолында баласы бар әйелдің жанын алып, тақтайдың үстінде қалдырып кеткен балаға қатты жаным ашыды.
- Осынша жан алдың. Кімнің жанын алған кезде қатты қуандың?
- Бір залым билеуші бар болатын. Жан-жағын қырған болатын. Соның жанын алғанда қуандым.
- Сен қуанған билеуші баяғыда теңізге қалдырып кеткен баяғы бала болатын.