Әлем - Әлемдегі 25 өрескел заң
Құлаққа ерсі болып естілуі мүмкін, бірақ бұлар дүниенің түрлі елдерінде әлі де қолданылып жүрген заңдар. Дүниедегі 25 өрескел заңды тізбектеген “инглиш таймс” газетінің берген мәліметтері бойынша өрескел заңдары көп мемлекеттер көшін АҚШ пен Англия бастап келеді.
- Францияда доңызға “напалион” деп ат қоюға тыйым салынады.
- АҚШ-тың Флорида штатында жексенбі күндері парашутпен түскен бойжеткен әйелдер қамауға алынады.
- Англия жағалауында табылған өлі киттің басы корольдің, құйрығы және сүйектері королеваның мүлкі болып саналады.
- Лондонда оба ауруларының таксиге мінуіне тыйым салынған. Таксилердің құтырған ит және олардың мәйіттерін алып жүруі де тыйым салынған.
- Англияда жүкті әйелдерге қалаған жерде туалетке кіруіне рұқсат берілген.
- Нью Йорк қаласында қала қорғандары ішінде оқ және садақ ұстап жүрген шведтерді өлтіруге тыйым салынбаған.
- АҚШ-тың Вермонт штатында әйелдер тіс протезін тағу үшін күйеулерінен рұқсат алулары керек.
- Честер аралында Уэльс халқының күн сәулесінен бұрын қалаға кірулеріне және күн батқаннан кейін қалада қалуларына рұқсат жоқ.
- Англияда монархияны білдіретін ақшаны теріс жабыстыру отанға қиянат болып есептеледі.
- Ланкастер жағалауында иттер үруі үшін иелері жағалау полицияларынан рұқсат алуы керек.
- Лондон портына келген корольдіктің кемелері порт күзеттеріне бір бочка ром беруге міндетті.