Untitled Document

Әлем - Біріккен Арап Әмірліктері

БАӘ жердің мұнай қорының 9,5% ие. Мұнай қорларының 94% елдің астанасы Абу Дабиде. Бұл мемлекет табиғи газ қорына да өте бай келеді.

Барлығы 1958 ж мұнайдың табылуымен басталды. Бір кездері көшіп-қонып жүрген халқының өмірі бірден өзгеріп шыға келді. Шөл үстіне миллиардтаған долларлар жұмсалып Американың аспанмен теңескен зәулім үйлерін тұрғызып тастады. Шөл топырақтары бір мезетте әлемнің бетке тұтар еліне айналды.

Тұрмыс деңгейі бойынша Дубай; Канада, Швеция сияқты елдермен жарысуда. Дубайдың 7,5 миллион халқы бар. Мұның 3,5 миллионы өз азаматтары. Қалғандары Алыс Шығыс және Азия келімсектері. Бұл келімсектер БАӘ азаматтарына қызмет ету үшін осы елде өмір сүруде. Мемлекеттің ұлттық кірісі адам басына 50 мың доллар. Халық үшін оқу және аурухана шығындары тегін. Мемлекет азаматтарына ақшалай көмекпен қоса үй, жұмысы жоқ болса жұмыс бұл жетпесе 50 мың дирхәм қарызға да береді.

Шөл далалы күйден қысқа уақыт ішінде зәулім ғимараттарға айналғанын көргендер таңданысын жасыра алмайды. Ерекше етіп салынған қонақ үйлері, силикон тау қойнаулары, мұнаралары, сауда орталықтары және аралдары көзтартарлық...

2025 ж мұнайдың толығымен бітетіні айтылуда. Дубай дүниедегі сауда саттықтың еркін жасалатын елдердің алдыңғы қатарында келеді. Салық алынбайды. Сауда салықсыз жасалады. Бір сағат ішінде фирма иегері атануға болады.

Мұндай еркін аймақтар шет елдік фирмалардың офистерімен лық толы. Тек Жебел али еркін аймағында 5 мыңнан астам фирманың офистері бар.

Дубайда күрделі құрылыс аймақтары бар. Барлық жерінде құрылыс жұмыстары жүруде. Ең биік ғимараты Бурж Дубайдың биіктігі 850 метр, біткенде дүниедегі ең биік зәулім ғимарат болады.

Дубайда жағалаудан теңіздің ортасына қарай пальма түрінде жалғасқан жоба бүкіл қарқынымен жүруде. Зәулім ғимараттар, сауда орталықтары, вилла және көңіл көтеру саябақтарымен қамтылған.