Ғибрат - Бүкіл дүниенің түзелуі
Бір апталық жұмыс күнінен қажыған адам жексенбінің таңында қолына газет алып шаршағанын басып, күні бойы үйде отыруды ұйғарады. Дәл осыны ойлап отырғанында баласы жүгіріп келіп паркке қашан баратынын сұрайды. Әкесі оған демалыс күні паркке алып баратына уәде берген болатын. Бірақ мүлдем сыртқа шығуға зауқы болмай бір сылтау іздейді. Кейін газет бетіндегі дүние жүзілік карта көзіне түседі. Картаны майдалап жыртып баласына «егер картаны құрасаң сені паркке алып барамын» деді де өзі іштей «жақсы құтылдым-ау, ең мықты география профессоры да кешке дейін құрай алмас» деп ойлады. Арада он минут уақыт өтісімен-ақ баласы жүгіріп келіп:
«Әке картаны түзедім, енді барсақ болады»-деді.
Әкесі алдымен сенбей барып көреді. Көргенінде таң қалып қалай түзегенін сұрайды. Сонда бала былай деп жауап береді:
Маған берген картаның артында бір адамның суреті бер еді. Адамды түзеткен кезімде, бүкіл дүние жүзі түзеліп шыға келді.
Ғибрат - Күн Суқұйғыш шоқжұлдызында
Бүгін 20-қаңтар. Күн Суқұйғыш шоқжұлдызына кіріп, қыстың екінші айы басталды. Күн бұл бұрышта 30 күн болады және ақпанның 19-күні Балық шоқжұлдызына кіреді.
Соңғы жылдардағы ғылыми және технологиялық жетістіктерге қарамастан қазір де адамдардың көпшілігі шоқжұлдыздарға қарап бал ашу сияқты қате сенімдерге сенеді.
Өкінішке орай, газеттердің ең көп оқылатын айдарлары шоқжұлдыз және бал ашу айдарлары екені рас. Бұл қате сенімдер тек батыста ғана емес, бізде де кең таралған. Технологиясы шарықтаған АҚШ-та кәсіпке айналған.
Тағдырға сенетін, ғайып пен болашақты тек Аллаһу Та’аланың білетініне сенетін мұсылман адам мұндай қате сенімдерден аулақ болады.
Ескерту: Шоқжұлдыздардың бар екендігі ғылыми шындық. алайда Шоқжұлдыздарға қарап, бал ашу және оған сену қате нәрсе.