Untitled Document

Денсаулық - Дұрыс тамақтану

Дұрыс тамақтанудың жолдарын бір профессордың аузынан тыңдайық:

Қоғамдағы шекер тұтынушылықтың артуымен аурулардың көбею жылдамдығы бір-біріне ұқсас келеді. Өйткені шекер тек каллориясымен және семіртетін әсерімен зиян беріп қоймай, тікелей химиялық құрамымен де өте қауіпті. Адам денесінің шекерге қажеттілігі жоқ. Саулықты қоректенуде де шекердің мүлдем орны жоқ. Күніне 30 грамнан астам шекер бауырда триглисеритке айналады. Триглисерит – қанның майы. Бұл әрі тамырдың қатаюына әрі дененің майлануына жол ашады. Бір стакан шырын суында 35 гр шекер, 200 гр жемісте 30 гр шекер болады.

Табиғаттағы азықтар көкөністер денеге ауыр келеді. Адамның қолы бір азық түріне қаншама көп жоласа, соншалықты зиянын көп шегеді. Калифорния әкімі мектептерде шырынды сусындар сатуға тыйым салды. Картоп чипсилерінің үстіне “адам өміріне қауіпті” деген жазу ілдірді.

Холлестерин, ана сүтінде және жұмыртқада көп мөлшерде болады. Демек жетілу кезеңінде адамның холестеринге көп мөлшерде қажеттілігі бар. Ал айналаны холлестерин дұшпандығы қаптап алған. Сиырларымыз өрісте жайылып дұрыс қоректенсе сүтінде және етінде майда қаныққан май қышқылы болмайды. Сүттен кальций алуға қажеттілігіміз бар. Ал протеинді бидай жармасынан және бұршақ тұқымдас дақылдардан алу керек.

Жасанды жем өндірушілер, “Біз әлемді қалай тойдырамыз?” деген өтіріктерімен жануарларды өрістен алып астауларға байлап қойды, одан кейін бұл жануарлар қант ауруына шалдықты. Өйткені қызылша ботқасымен, жасанды протеинді жемдермен, картоп және жүгерімен қоректенуде.

Өрісте жайылатын жануарлардың сүтінің құрамында омега-3 болады. Оған қоса ең үлкен антиоксидан болған альфаминолимик қышқылы мен инсулинге ұқсас өсу гармоны да бар. Бұлар жасарту прививкасы, бүкіл клеткалардың өз-өздерін жаңалап тұруын қамтамасыз ететін элемент. Натуралды сүт бағалы да емес, арада 10-15% айырмашылық болуы мүмкін.

Біз және жануарларымыз жасыл өнімдерден ұзақтағанымыз үшін омега-3 элементінің көзі ретінде бізде теңіз балығы ғана қалды. Айталық шабақ балығын күнбағыс майда қуыратын болсақ, ол шабақтан бізге пайда келмейді. Күнбағыс майымен қоректеніп көп мөлшерде омега-6 элементін алғанымыз үшін омега-3 ке фермент қалмайды. Күнбағыс майында пісіру кезіндегі ыстықтың әсерінен біршама жасанды май қышқылы түзіледі. Бұлар холлестеринді окситтеп тамырды қатайтады. Омега-3 тің кемшілігі адамдарда қантты диабетке және тамырдың қатаюына жол ашады.

Зәйтун майы – омега-9 майы қатарына кіреді. Қанықпаған май және омега-3 тің қорытылуына зиян бермейді.