Сіз білесіз бе? Ми туралы 10 дерек (1)
- Мидың есте сақтау қабілеті шексіз
Компьютер мен қалта телефондарына қарағанда адам миының сақтау сыйымдылығы шексіз. Бір адамның ғұмырына жетер мәліметтерді алады, сыйғызады. Тек есте сақтау қабілетін жақсы ұстап тұру үшін және жаңа мәліметтерді ұмытып қалмау үшін адамға толыққанды дұрыс ұйқы қажет.
2. Ми интеллектуалдық жұмыстан жалықпайды
Шаршау және апатия сезімі тек эмоциялар мен сезімдердің әсерімен пайда болады. Ми жұмысы кезінде ми арқылы өтетін қанның құрамы өзгермейді.
3. Ғашық болуды МРТ-да көруге болады
Ғашық болу – адамның ішкі рухани күйі деп ойлайтын шығарсыз. Бірақ адам ғашық болғанда мида өзгерістер болады. Егер МРТ түсірсе, суреттерде жағымды сезім тудыратын нейромедиатр – дофамин бар аймақтардың қалай «жарық» екенін байқайсыз.
4. Ми ауырсынуды сезбейді
Мида ауырсыну рецепторлары жоқ. Олар ми қабықтарында және қан тамырларында ғана болады. Мысалы, адамның басы ауырған кезде мидың өзі емес, оны қоршаған тіндер ауырады.
5. Ми 60% майдан тұрады
Ми – ең көп майды қамтитын орган. Сондықтан оның саулығы үшін пайдалы майларға (омега-3 және омега-6) бай диета өте қажет. Пайдалы майлар ми жасушаларының қабырғаларын нығайтады, сонымен қатар майда еритін витаминдерді тасымалдайды және сақтайды.
6. Ми күніне 25 000-нан 50 000-ға дейін ой тудырады
Адамдардың 70% жағымсыз ойлайтыны дәлелденген. Сонымен қатар, мида секунд сайын 100 000-нан астам химиялық реакциялар жүреді.