Untitled Document

Сұхбат... Жаман ойлар қайдан туындайды

Сұрақ: Көңілімізге әр түрлі ойлар келеді. Бұлар қайдан келеді? Қайбірінің жақсы, қайбірінің жаман екенін қалай ажыратамыз?

Жауап: Адамның көңіліне періштеден, шайтаннан және өз нәпсінен әр түрлі ойлар келеді. Періштеден келетін ойға «илхам», шайтаннан келетініне  «уәсуәса», ал нәпістен келетін ойға «хауа» делінеді. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы қалай аңғарылады? Хадис шәрифте: «Періштеден келген илхам Ислам дініне сай болады. Шайтаннан келген уәсуәса Ислам дінінен айрылуға себеп болады» делінген. Олай болса, уәсуәсаны илхамнан ажырата білу үшін діннің әмірлерін жақсы білу керек. Мұсылман болмағандардан ірімшік, шұжық секілді азық-түліктер аларда «Бұлардың құрамына нәжіс зат араластырған» деген ой келсе, дереу діннің осы тұрғыдағы үкімін еске түсіру керек. Дініміз алудың рұқсат екенін білдірсе алуға болады. Бұл ойдың шайтаннан екені аңғарылады. Уәсуәсаға көңіл алданбаса, шайтан бұдан бастартып, басқа уәсуәса береді. Ал нәпсімізден келетін ой тұрақты болады. Ол адам қайтыс болғанға дейін жалғаса береді.

Шайтан қайырлы, жақсы бір іске бөгет болу үшін жақсылығы азырақ болған істі жасату мақсатымен уәсуәса береді. Үлкен күнәға жетелеу үшін кіші жақсылықтарды жасатуға тырысады. Дінін білетін адамды шайтан ешқашан алдай алмайды. Әр адам Аллаһтың пендесі бола тұра, дінін меңгерген, Аллаһу та’аланың әмірлері мен тыйымдарына мән беретін адамдар үшін Құран кәрімде шайтанға қарата «Менің құлдарыма сенің билігін жүрмейді» делінген. (Исра 65)

Шайтанның уәсуәсасына алданбау үшін Аллаһу та’аланың «Менің құлым» деген адамдарынан болу керек, яғни дұрыс сенімге және ілімге ие болу және іліммен амал ету қажет! Мысалы, шайтан уәсуәса берген кезде оны дереу ұзақтату керек! Хадис шәрифте «Шайтан уәсуәса береді. Аллаһтың есімі зікір етілген, айтылған кезде ол қашады. Айтылмаса, уәсуәсаларын жалғастырады» делінген. (Әбу Яла)