Untitled Document

Мақала... Ең әдемі қыз, ең әдепті қыз

Ер адамның жолын кеспеу, қыз балаға үлкен әдеп саналған. Біздің дәстүрімізде қыз бала әдептен озбаған. Қыздың әдемілігі бетіндегі әрінде емес, бойындағы әдебінде. Әдепті қыздың әдемі көрінетіндігі де сондықтан.
Ертеректе әжелеріміз тіпті жолда келе жатырған екіқабат келіншектердің де алдын кеспейтін еді. Себебін сұрағанда:” Қайдан білесің, мүмкін ішінде ел тізгінін ұстайтын ұл бар шығар”- деп әдеп сақтайтын.

Төле би бабамыздың көзіне Данагүл келіні алғашқыда қалай түсті? Көздің ұшында келе жатқан салт аттылардың жолын кеспей бір топ қыз жолдың жиегінде тұрып қалады. Оны алыстан байқап келе жатқан Қарлығаш әулие бойжеткендердің бұл ісін жақсы ырымға балайды. Жақындап жөн сұрасқаннан соң, ибалы қыздардың әдебіне ризашылығын білдіреді. Сонда қыздардың бірі;”Ат үстіндегі азаматтардың алдын кеспейік, ішінде елдің тізгінін ұстаған, аузы дуалы ерлер бар шығар-деп бізді Данагүл құрбымыз тоқтатты дейді.

Әдептен озбаған Данагүл қыздың тегін адам емес екенін сезген би атамыз Данагүлдің үйіне шабарман жібереді. Бір күн қонып, қонағасын жеп, қызына құда түсіп кетеді.

Үш жүзге аты әйгілі Төле би бабамызға келін болу бақыты Данагүл қызға бұйырады. “Ерлердің жолын кеспеген” әдебінің арқасында Данагүл қыздың бағы ашылады. Атасының батасын алған Данагүл қыз заман өте келе бір елдің дана келініне айналады.

Қызыңыздың бағы ашылсын десеңіз, бойжеткеніңізді үлкеннің жолын кеспейтін, әдепті қылып тәрбиелеңіз. Әдепті қызды, келін қылу бүгінде әр қазақтың арманы.

Мақсат Сқақов