Untitled Document

Оқиға... Лалели мешіті

Сұлтан III Мұстафа хан бір күні, Ыстамбұлдағы Лалели мешітін салып жатқанда сол аймақтағы Аллаһтың Лалели Баба атты досына қонаққа барады. Әңгіме біткеннен кейін орнынан тұрмақ болған ол былай деп сұрады:

- Дүниедегі ең әдемі іс нәрсе не, мырзам?

Лалели Баба:

- Ең әдеміс іс – ішіп-жеп, кейін одан қиындықсыз арыла білу, - деп жауап берді.

Бұл жауап Сұлтанға ұнамады. Бірақ ол кетіп, сарайға оралды. Біраз уақыттан кейін оның іші қата бастады. Мазасы кетті. Кейін қатесін түсініп Лалели бабаға барып, жағдайын айтып, кешірім сұрады.

- Мені кешіріңіз, мырзам.

Лалели Баба одан сұрады:

- Егер мен сені қиындықтан шығарсам, оның орнына не бересің?

- Сол мешітті саған берейін.

Мүбарак иығын көтеріп, - Бұл жеткіліксіз!- деді.

Сұлтан барлығын ұсынды, бірақ бірдей жауап алды. Ақырында – Мырзам, не керегін өзіңіз айтыңыз, - деді.

- Сенің билігің.

-Жарайды, бүкіл билігімді бердім сізге.

Осыдан кейін үлкен әулие болған Лалели Баба дұға етті. Сұлтанның іш қатуы жеңілдеп қалды.

Лалели Баба сұрады:

- Мен қазір патшамын ба?

- Иә, сен патшасың.

Лалели баба оны қабылдамады.

- Ішің қатып қажеттілігіңді орындай алмай ауыстырған мұндай арзан сұлтандық қажет емес. Мешттің аты да бізге жетеді, - деді.

Осы оқиғадан кейін мешіттің аты Лалели болды.