Untitled Document

Тарих... Ұлы ғалым Бируни

    Тек Ислам әлемінде ғана емес, бүкіл әлем дәуірінің ең ұлы ғалымы болған Бируни 973 жылы Хорезмде туылған. 1049 ж Ғазнада қайтыс болған. Есімі Мұхаммед бин Ахмед әл-Бируни, лақабы Әбу Райхан. Ғазналық Махмуд хан Үндістанды жаулап алғанда ұстаздарымен Бируниді де ол жаққа алып барды. Араб, парсы, иврит, рим, сирий, грек және қытай тілдерін жақсы білетін. Математика, астрономия, геометрия, физика, химия, медицина, фармацевтика, тарих, география, этнология, геология, діндер және мазһабтар тарихы сияқты 30-ға жуық ілім салаларында еңбектер жасап жемісін берді.

  • Жердің домалақ және айнала қозғалуда екендігін, жерде тартылыс күші бар екендігін Ньютоннан қаншама ғасырлар бұрын анықтаған.
  • Айдың, күннің және жердің қозғалыстарын зерттеп, бүгінгі нәтижелеге қол жеткізген.
  • Алғаш рет жердің диаметрін өлшеген. Бұл өлшемі қазіргі өлшемге дәлме дәл келуде. Еуропада мұны Бируни жүйесі деп атайды.
  • Сол дәуірде Мейірімді Үміт мүйісі туралы, Кристофор Колумбтан 5 ғасыр бұрын Америка материгі туралы және Жапония туралы алғаш айтқан.
  • Материктердің солтүстікке қарай жылжуы туралы пікірді алғаш айтқан.
  • Аурулар туралы да өте көп білген. Қай шөп қай ауруға дауа болатынын білген.
  • Алгебра, геометрия, география салаларында заманының ең білімдісі ол еді.
  • Тригонометрияны астрономиядан бөлек бір білім саласы етіп бөлді.
  • Геометрияны ботаникада қолданды.
  • Тығыздық өлшеу құралын (пикнометр) тапты және ыстық сумен суық су арасындағы тығыздық айырмашылығын 0,041677 деп анықтады.
  • Ғазналы Махмуд Сәбуктәкин және Харземнің тарихтарын жазды.
  • Салыстырмалы діндер тарихының құрушысы болып саналды.
  • Ғылымның барлық саласына жарамды 180-ге жуық еңбектер жазды.
  • «Айтқандарымның ішінде ақиқаттың сыртына шыққандары болса Аллаһқа тәубе етемін. Барлығы Оның қолында» деп айтатын.

Ашқан жаңалықтары батыстық ғалымдар тарапынан әлі күнге дейін қолданылып келеді.