Untitled Document

Сұхбат... Еңбек ету ғибадат

Мұсылманның өзі үшін және бала-шағасының нәпақасы үшін еңбек етуі парыз.  Қажеттіліктерін халал жолмен табу, ешкімге мұқтаж болмау үшін еңбек ету – жиһад. Қаншама ғибадаттардан да артық сауапты іс болып табылады. Лұқман Хаким ұлына айтқан насихатында былай деген: «Еңбек етіп, ақша тап! Еңбек етпей, әркімге мұқтаж болған адамның діні мен ақылы нұқсан болады. Жақсылық жасаудан мақұрым қалады. Әркімнен жәбір көреді».  

Мұсылман дүниені жақсы көргені, дүние құмар болғаны үшін емес, Аллаһу та’аланың еңбек етуді әмір еткені үшін еңбек етіп, ақша табады. Нәпсінің қалауларына жету үшін еңбек етіп ақша табу, жұмыс істер кезде халалды харамнан айырмау, басқалардың хақыларын жеу, қарыздарын төлемеу адамның дүниеқұмар екенін көрсетеді. Аллаһтың әмір еткені үшін көп жұмыс істеп, ақша табу және Оның әмір еткеніндей еңбек етіп тапқанын Оның әміріне сай жұмсау ғибадат болып табылады. Мұсылман дінін зияннан қорғау үшін маңдай терімен еңбек етіп ақша табуы керек. 

Адам себептерге жүгініп еңбек етуі керек, тапқан табысына да қанағат етіп, Аллаһу та’аланың бергеніне разы болуы керек.