Untitled Document

Мәлімет... Күнтізбе кестесіндегі уақыттар

Имсак: Ораза тұтқанда ауыз бекітетін уақыт. Таң намазы имсак уақытынан 15--20 минут өткен соң кіреді және Күн деп белгіленген уақытқа дейін жалғасады.

Күн: Таң намазы уақытының аяқталғанын білдіреді.

Бесін: Бесін намазының алғашқы уақыты. Бесін намазының уақыты екінді намазының уақытына дейін жалғасады.

Екінді: Екінді намазының басталу уақыты. (Кестедегі екінді уақыты Екі Имамның (Имам Әбу Юсуфпен Имам Мұхаммедтің) «Асри әууәл» үкімі бойынша берілген). Екінді намазының уақыты шам уақытына дейін жалғасады.

Ақшам: Шам намазының алғашқы уақыты. Ораза тұтқанда осы шам уақыты кіргеннен кейін ауыз ашылады. Шам намазының уақыты құптан намазына дейін жалғасады.

Құптан: Құптан намазының алғашқы уақыты. (Кестедегі уақыт Екі имамның «Иша-и әууәл» үкімі бойынша білдірілген уақыт). Құптан намазының уақыты имсак уақытына дейін жалғасады.

Құбыла сағаты: Күнтізбемізде берілген «Құбыла сағаты» қатарындағы уақыттарда күнге қарап тұрған кісі құбыла бағытына қараған болады.  Өйткені күн бір тәулікте бір рет Құбыланың үстіне сәйкес келеді.