Untitled Document

Оқиға... Халид Бағдади хазрет

Мәулана Халид Бағдади хазрет өз заманының ең ұлы ғалымы және әулиесі, білім және керемет бұлағы болған. Әкесі хазреті Османның, анасы хазреті Әлидің тегінен тараған. Көп ғалымдардан білім алған. 1826 ж қайтыс болған.

    Мадина Мунаууарада кемел әулие іздеп жүріп Йемендік кісіге жолығады. Жахылдың ғалымнан насихат сұрағанындай одан насихат сұрайды. Ол кісі былай дейді:

    «Ей, Халид, Мекке Мукаррама қаласына барғаныңда әдепке сай болмаған нәрсе көрсең ашуланба, ол адамды айыптама!».

    Мәулана Халид хазрет Мекке Мукаррамада жұма күні қасиетті Харам мешітіне кіреді. Бір бұрышта қара сақалды бір адамның арқасын қасиетті Қағбаға сүйеп тұрғанын көреді. Ішінен «Мына кісі қасиетті Қағбаға құрмет көрсетпей тұр, тұрысы әдепке сай емес» деп ойлайды. Дәл осы кезде ол адам «Ей, Халид! Мұсылмандарға құрмет Аллаһу та’аланың алдында Қағбаға құрметтен бұрын келеді. Сондықтан мен жүзімді саған бұрдым. Мәдинадағы кісінің айтқанын ұмыттың ба?» дейді. Мәулана хазрет бұл кісінің үлкен әулие екендігін түсінеді. Дереу қолын алып кешірім сұрайды. Ол адам оған: «Сенің ұстазың бұл жерде емес. (Қолымен Үндістан тарапын меңзеп) Ей, Халид, сабыр ет, ұстазың сені өзі табады» дейді.

    Қажылықтан кейін еліне оралып, дәріс үйретуді жалғастырды. Осы кездерде сол заманның ең ұлы әулиелерінен Шах Абдуллаһ Дәхләуи хазрет бір шәкіртін Мәулана Халид хазретке жіберіп «Сәлемімді айтыңдар, осы жерге келсін!» деп бұйырады. Екеуі бірге Үндістанға қарай жолға шығады. Бір жылда сол кездегі Үндістанның астанасы Делиге келеді. Бір жыл ол жерде болып Аллаһу та’аланың ихсанына, мейіріміне қауышады. Кейін өз еліне қайтып, көптеген ғалым және әулие жетілдіреді. Өзі Имам Раббани хазретке ғашық еді. Түрлі ілім салаларында көптеп кітаптар жазды. «Диуан» және «Итиқаднама» кітаптары мәшхүр.