Untitled Document

Сұхбат... Әмірге бағыну уәжіп (міндет)

Сұрақ: Әмір (басшы) болған кісі бір мубах нәрсеге тыйым салса немесе оның орындалуын әмір етсе, мысалы «Темекі шекпеңдер, кофе ішпеңдер!» десе, бұл бұйрыққа бағыну керек пе?

Жауап: Бәриқа кітабында «Әмір мубах болған бір нәрсені әмір етсе, бұған бағыну шарт, себебі әмірдің Ислам дініне сай болған әмірлеріне бағыну уәжіп болып табылады» делінген. Бір хадис шәрифте де «Күнәні әмір етпегенінше әмірге бағыну уәжіп болып табылады» делінген. (Бәйһақи)

Бұл жердегі уәжіп – парыз деген сөз. Осы тұрғыда бірнеше хадис шәрифтің мағынасы:

«Әмірлерің сендерге ұнамайтын бір нәрсе істесе де, оған сабыр етіңдер! Өйткені жамағаттан бір қарыс болса да айрылған адам надандық өлімімен (имансыз) өлген болады». (Бұхари)

«Хабештен (Эфиопиядан) келген құл болса да, әмірлеріңе бағыныңдар!». (Бұхари)

«Қолдары кесілген, мүгедек болған құл болса да, әмірлеріңе бағыныңдар!». (Мүслим)

Демек, әмір (патша, басшы) қара нәсілді, мүгедек және құл болса да бағыну қажет, қарсы келуге тыйым салынуда.

Хазреті Әбу Бәкр халифа кезінде «Расулуллаһ сендерді Усаманың басқаруымен соғысқа жіберген еді. Енді қайтадан оның басқаруымен соғысқа баруға дайындалыңдар!» деді. Ол кезде Усама 22 жасында еді. Кейбір адамдар «Дұшпандар Мәдинаға келіп, халифаны өлтіруі мүмкін. Усаманы ауыстырсаңыз қалай болады?» деді. Хазреті Әбу Бәкір «Расулуллаһ таңдаған қолбасшыны ауыстыра алмаймын» деді. Усама аттың үстінде, халифа және сахабалар жаяу жүріп Мәдинадан сыртқа шықты. Халифа сахабалармен қоштасқан кезде: «Сендерге айтатын бірінші насихатым – әмірлерің Усамаға бағыныңдар!» деді. Хазреті Усама Хузаа тайпасына барып мүртәдтарды өлтірді. Қырық күннен кейін Мәдинаға жеңіспен оралды.