Untitled Document

Іскерлік... Істі кейінге қалдырумен күресудің төрт жолы

Адамзаттың 95%-ы істі кейінге қалдыруға бейім келеді екен. Ал күнделікті әдетке айналдырудың салдарынан ауруға шалдығады. Бірақ көбі біле бермейді.

Прокрастинацияның себебі көп. Бірақ шешімі де жоқ емес. Алдымен себебін анықтау керек.

Прокрастинация деген не?

Психологияда прокрастинация – істі кейінге қалдыру.  Себебі адам психикасы кез келген қиын істен қашуға бейім. Сылтаурататынымыз содан. Бұл қасиет барлық адамға тән. Көбі жалқаулықпен байланыстырады. Десе де күнделікті бұлай істеу психологиялық дертке әкеледі. Оған шалдыққандарды прокрастинатор дейді.  Ересектердің 20%-да кездеседі. Бұл еріншектік емес.

Прокрастинациямен қалай күресу керек?

1.     Дедлайн қою. Іске кіріспес бұрын тапсырманы аяқтайтын уақытты белгілеңіз. Сол уақытта орындаңыз.

2.     Жоспар құру. Ертең орындауыңыз керек жұмысты рет-ретімен қағазға түсіріңіз. Орындалған соң белгі қойыңыз. Бұл әдетті қалыптастырсаңыз, өміріңізді қадағалай аласыз. Қағазға жазылған дүниелерді ми орындауға тырысады.

3.     Тапсырманы орындауға келіспес бұрын қолыңыздан келе ме, жоқ па, анықтап алыңыз. Егер тапсырманы орындау қиынға соқса, көмек сұрап, шешімін табыңыз. Бірақ кейінге қалдырмаңыз.

Бөліп орындау. Жоғарыда айтқанымдай, тапсырма ауыр болғандықтан оны кейінге қалдырады. Сондықтан жеңіл деңгейден бастаңыз. Мысалы, кітап оқу керек болса, бастапқыда күніне бес бет оқимын деп қана жоспарлаңыз. Енді тапсырма жеңілдеді.