Untitled Document

Мақала... Өтіріктің белгілері (2)

Ернін жасыру

Өтірік айтушылардың тағы бір белгісі – ернін тістелей беру, ернін жасыру. Ондай адам өз сөзіне сенімсіз болады. Өтірік айту кезінде сілекей аз мөлшерде бөлініп, аузы құрғайды. Жиі жұтыну және ернін тістелей беруі де содан. Тілдесуші адамның эмоциясын да бақылаңыз: күлкісі қандай, не нәрсеге күледі, т.б. Көбіне өтірікшілер жиі өтірік күледі.

Басын шайқау

Сіз сұрақ қоя бастағанда тілдесуші жиі басын қозғалта беретін болса, оның көкейінде айтыламай жатқан бір сыр бар. Басын шайқау арқылы ол сіздің көзқарасыныңыздан қашқақтайды не сұрақты ауыстырғысы келеді.

Ойын жеткізуі

Шындықты жасырған кезде басқа оқиғаны тез арада ойлап табу керек. Сол себепті оған ойын жеткізу қиынға соғады. Ойы шашыраңқы болып, асықпай сөйлеу арқылы ол ойланғысы келеді. Ол өзі айтқан сөздерге сізді де, өзін де сендіру керек. Өтірік айтқанда сіз қойған сұрақты қайталай береді. Мысалы, «Мына кесені сен сындырдың ба?», «Жоқ, мына кесені мен сындырмадым».

Көзқарас

Көз – адамның айнасы. Көп жағдайда адамды көзіне қарап түсінеміз. Ал өтірікшілер көзін сізден алмауға тырысады. Маркетологтар не саудагерлер сізден көзін алмай қадала сөйлейтін болса, онда мұнда бір гәп бар. Сізді алдауға дайындалуда.

Өміріңізде түрлі адамдарға жолығасыз. Өзіңізді жаман ниетті адамдардың құрбаны етпеңіз. Шыншылдық психологиясы арқылы өзіңізге манипуляция жасауға жол бермеңіз.

Қырмызы Скендирова