Untitled Document

Мақала... Өтіріктің белгілері (1)

«Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» демекші, қанша жерден өтірікті шындай етіп айтуға бейім болса да, жестикуляциясы бәрібір білдіріп қояды. Шыншылдық психологиясы бойынша адам өтірік айтқан кезде өзінің іс-қимылдарына жауап бере алмай қалады. Ендеше сөйлесу барысында тілдесушінің айтып отырған әңгімесінің өтірік не шын екендігін білгіңіз келсе, оның іс-әрекеттеріне назар салыңыз.

Аузын жауып сөйлеу

Адам өтірік айтқан кезде өз-өзін бақылай алмай қалады. Жалған сөйлеуші жан өз ернін қолымен не жұдырығымен жабу арқылы шатасып қалудан не оны айтудан қорқып, өзін тежегісі келеді.

Қорғану

Қол жестикуляциясы – шынайылықтың көрсеткіші. Тілдесуші қолымен мойнын, біресе шашын, т.б. дене мүшелерін ұстай бергені ондағы бір шикілікті көрсетеді. Көбіне өтірікшілер құлағын, бетін қасып, өз-өзін алдандырады. Бұны қорғану эффектісі деп атайды. 

Артық қозғалыстан сақтану

Адам ойын, ақиқатты айтқан кезде өзін жайлы әрі тыныш күйде сезінеді. Ал сөйлесу барысында тым ашулы не жайсыз сезінетін болса, оның сөздерінің шынайылығына мән беру керек. Өтірікші адамды аулақ ұстап, алыс отыруға және артық қозғалыстан сақтануға бейім болады. Тұрысына қарасаңыз болады. Себебі адам былай уақытта тым жайбарақат, еркін тұрады. Ал шынайылыққа сай келмесе, тіп-тіке, қолдары жасырулы күйде болады.

Даусы және тынысы

Адам өтірік айтқанда жүрек соғысы өзгереді. «Шындық детекторы» да жүрек соғысы арқылы шын-өтірігін анықтайды екен. Ал осы кезде кейбіреулердің тынысы тарылып, даусы өте жай шығады. Иықтарын жоғары көтере береді. Мұндай жестикуляция өтірік айтушыларға тән.