Таңдалғандарға қос
22 Сәуір 2011
Дін деген не? (3)

Аллаһу та’ала өте рахымды болғандығынан барлық нәрсені кітапта ашық түрде білдірмеген. Кейбір үкімдерді астарлы түрде білдірген. Құран кәрім және хадис шәрифтерге иман келтірген болуына қарамай, кейбір жерлеріне Әһли сүннет ғұламалары берген мағынадан бөлек мағыналар беру арқылы бұрмалайтындарға  “мазһабсыздар” делінеді. Олардың ішінен Құранның астарлы түрде білдірген үкімдеріне сүннит ғалымдардан басқаша, қате мағына бергендері “Бидғатшы” немесе адасқан (сектант) мұсылмандар қатарына жатады. Ал Құран кәрімнің ашық түрде білдірген үкімдеріне қате мағына бергендері “мулһид” болады. Мулһид – өзін қаншама мұсылманмын деп есептегенімен кәпір болып қала береді. Ал бидғатшылар кәпір емес. Алайда бидғатшылар бәрібір міндетті түрде тозақта ұзақ азап көреді. Әһли сүннет ғалымдарының хақ (тура) жолда екендігін және олардың үстемдіктерін дәлелдеп баяндайтын кітаптар ішінде Судандық Мұхаммед Сулейманның “Махзән-үл-фиқһ-ил-кубра” атты кітабы маңызды орын алуда. Мұсылман болмаса да, өздерін мұсылман етіп көрсетіп, Исламның ашық үкімдеріне өз ақылына немесе шала үйренген жаратылыстану білімдеріне сүйеніп, қате, бұрыс мағыналар беру арқылы мұсылмандарды адастыратын кәпір уағызшыларға “зындық” делінеді.

(жалғасы бар)
Таңдалғандарға қос Бастапқы етіп сақта info@turktakvim.com