Таңдалғандарға қос
20 Сәуір 2011
Дін деген не?

«Дін» дегеніміз Аллаһу та’ала разы болған нәрселерді және орындалуы тиіс болған ғибадаттарды, құлшылықтарды, дүние мен ахыретте бақытқа жетудің жолын адамдарға үйрету үшін Аллаһу та’ала тарапынан оның пайғамбарларына жіберген үкімдер жиынтығы. Адамдардың ойдан шығарған жүйелеріне дін деп айтуға болмайды. Ақыл діннің әмір мен тыйымдарын түсіну және бұларға мойынсұну үшін берілген. Бірақ әмір мен тыйымдардағы сырларды, ақиқаттарды, олардың себептерін түсінуге күші жетпейді. Олардың үстінде ой өрбіте алмайды. Бұл хикметтер Аллаһу та’аланың пайғамбарларға білдіруі арқылы және әулие құлдарының жүректеріне илхам және аян етуі арқылы білінеді. Бұл да тек Аллаһу та’ала тарапынан ихсан-сый ретінде беріледі.

Қазіргі таңда дүниемен ахыреттің бақытына жету үшін, Аллаһу та’аланың разылығына қауышу үшін мұсылман болу шарт. Мұсылман болмаған кісіге “кәпір” делінеді. Ал Мұсылман болу үшін Мұхаммед алейһиссаламның пайғамбар екеніне иман ету [сену] және ғибадат ету керек. Ғибадат, құлшылық дегеніміз барлық істерімен сөйлеген сөздерін Мұхаммед (алейһиссалам) алып келген дінге сәйкестендіру. Ғибадаттарды ешбір дүниелік пайда көздемей, тек Аллаһу та’аланың әмірі болғандығы үшін орындау керек. Ал Ислам үкімдері дегеніміз - Құран кәрім және хадис шәрифтерде айтылған әмір мен тыйымдардан құралады. Бұларды фиқһ, яғни илм-и халь кітаптарынан үйренуге болады. Ислам үкімдерін, діннің әмірмен тыйымдарын үйрену әрбір ер және әйел мұсылманға фарзи айн. Бұлардың барлығы адамзатты рухани және физикалық дерттерден, аурулардан қорғайтын емдер. Медицина, өнер, сауда-саттық және құқық ілімдерін үйрену үшін лицейлерде және университеттерде көп жыл оқу қажет болғанындай илм-и халь кітаптарын, араб тілін үйрену үшін де көп жылдар оқу керек. Бұларды үйренбегендер ағылшын тыңшыларының және оларға алданған, сатылған дін адамы кейіпіне кіріп алған мунафықтардың және залым, сатқын өкімет адамдарының өтіріктеріне, жалаларына алданып, дүниемен ахыретте пәлекеттерге, азаптарға түседі.

(жалғасы бар)
Таңдалғандарға қос Бастапқы етіп сақта info@turktakvim.com